Қазіргі кезде күдіктілер ұсталды.
Ақтөбеде жастар төбелесіп, салдарынан біреуі қаза тапты
фото: баспасөз қызметінен алынды
746
оқылды

Ақтөбеде жастар арасында жаппай төбелес шығып, салдарынан біреуі қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға Шалқар қаласында түнде болды. Қаза тапқан баланың жасы – 17-де. Полиция қылмыстық іс қозғады.

– Жанжалға қатысқан барлық күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардың іс-әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы бақылауда. Кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық  Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылмаған. Ес-түзсіз денені белгісіз адамдар ауруханаға әкелген кезде дәрігерлер бозбаланың өлімін ғана тіркеп, полицияға хабар берген.