Алайда ол ұрланған заттарды сатпақ болған сәтінде қолға түсті.
Ақтөбеде ер адам 18 ұялы телефон ұрлап, 15 миллион теңге тапқан
108
оқылды

Ақтөбеде белгісіз ер адам дүкеннен 15 миллион теңгенің 18 телефон ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Almaty.tv телеарнасының мәліметіне сүйенсек, кадрларда ер адамның дүкеннің кіреберіс есігінің әйнегін балғамен сындырып, еш кедергісіз ішке кіргені көрінеді.

Ұры өте жылдам әрі суыққанды әрекет еткен. Алайда ол ұрланған заттарды сатпақ болған сәтінде қолға түсті.

"Жүргізілген тергеу амалдарының нәтижесінде барлық ұрланған ұялы телефондар тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлайды Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.