Мерекелік бағдарлама қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырған мазмұнды әрі әсерлі жобаларды ұсынады.
Биыл Шымкент қаласында Наурыз мейрамын қалай атап өтеді?
97
оқылды

2026 жылғы 21 наурыз күні Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мерекелік бағдарлама қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырған мазмұнды әрі әсерлі жобаларды ұсынады.

Негізгі мерекелік іс-шаралар қаладағы бірқатар ірі қоғамдық кеңістікте өтеді. Атап айтқанда, «Астана» алаңы, Әл-Фараби алаңы, Наурыз алаңы, Металлургтер саябағы, Наурыз саябағы, Алатау саябағы және Арбат демалыс аймағында бір мезетте халықтық серуендер ұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарлама 21 наурыз күні сағат 11:00-де басталады. Келушілер назарына театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, робототехника көрмесі мен заманауи VR алаңшалары ұсынылады. Күндізгі концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздармен қатар, елімізге танымал эстрада жұлдыздары – «Азия» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Шаба Әденқұлова, Айдана Меденова өнер көрсетеді.

Кешкі сағат 19:00-де «Астана» алаңында гала-концерт өтеді. Сахнада жергілікті өнер жұлдыздары және арнайы шақырылған хедлайнерлер – TURAR мен Kalifarniya өнер көрсетеді. Мерекелік кеш эксклюзивті отшашумен қорытындыланады.

Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар ұлттық мәдениетті дәріптеумен қатар, қала тұрғындарының бірлігін нығайтуға және көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған.