Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта финалдық кезеңге дейін жетті.
Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды
201
оқылды

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта финалдық кезеңге дейін жетті.

Нұрқанат алтын медаль үшін өткен белдесуде әзірбайжандық Туран Байрамовты жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.