Өнер иесі денсаулығы сыр беріп, жүрегіне күрделі ота жасалғанын айтты.
Әнші Нұрғали Нүсіпжановқа күрделі ота жасалды
133
оқылды

Халық әртісі, әнші Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желіде денсаулығына байланысты жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі денсаулығы сыр беріп, жүрегіне күрделі ота жасалғанын айтты. Сонымен қатар жас болса да, білікті ақ халатты абзал жанға алғыс білдірді.

"Өмір сенің сұрауыңды бермейді, сен оның ұсынғанын қабылдайсың. Адам бір терінің ішінде мың арып, мың семіреді. Аурудың азабын арқалаған адам ғана бұл сөздің түп-төркінін, қадір-қасиетін жақсы біледі. Естеліктерімде ежелден жазып келемін. Жақсылықтың екі түрі бар. Бірі Алладан, бірі адамнан. Жүрегіме күрделі ота жасаған кардиохирург Нұрәлі Есенкелдіұлы жас маман, бірақ өз ісінің білгірі. Адам жанын аялай білетін дархан дарыныңа басымды идім, айналайын. Ел-жұртыңның алғыс, батасын арқалап, қазағыңа қалтқысыз қызмет ет, қалқам, Алла Тағала жолыңды ашсын, жұлдызың жарқырасын, Нұрәли жарығым…», - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.