«Тазару күні» – табиғи аумақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартуға бағытталған маңызды бастама.
Бүгін «Тазару күніне» байланысты ел бойынша ауқымды эко-акция өтеді
135
оқылды

23 наурыз күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде Наурызнама шеңберінде «Тазару күніне» арналған кең ауқымды экологиялық іс-шаралар өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Тазару күні» – табиғи аумақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартуға бағытталған маңызды бастама. Бұл тек тазалық шарасы ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған күн аясында «Мөлдір бұлақ», «Таза өлке» акциялары, су айдындарын тазалау және ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар барлық азаматтарды белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуға шақырады.