Олардың бесеуі - тұрғындардың шақыруымен келген полиция қызметкерлері. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді.
Сегіз адам зардап шекті: Шахтинскідегі тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды
www.istockphoto.com
161
оқылды

Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, салдарынан сегіз адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қарағанды облысы ТЖД-нің 112 пультіне полициядан осы оқиға жайлы хабар түскен. Төрт минут ішінде ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жетіп, сол жердегі 5 қабаттың үйдің жиһаз бен тұрмыстық заттары өртеніп жатқанын анықтаған.

Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан бес адамды баспалдақ арқылы эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды эвакуациялаған, қалғаны өз бетімен ғимараттан шыққан. Тұрғындар үшін ТЖМ вахталық көлігі арқылы жылу ұйымдастырылып, жылу пункті ашылды.

ТЖМ күштері өртті толықтай 40 шаршы метр аумақта сөндірді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында ТЖД басшысының жетекшілігімен өрт сөндіру штабы құрылып, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, медицина қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдар өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Rec_krg парақшасының хабарлауынша, Виктор Хара 1А мекенжайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында газ жарылысы болған. 

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бөтен мүлікті қасақана жоюға әкеп соққан өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Полицейлер 40 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір ол Шахтинск қалалық ауруханасының арнайы палатасында ем алып жатыр және күзетпен ұсталып отыр. Сауығып шыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалады. Қазір жан-жақты және объектив тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ВКурсе Шахтинск | новости | реклама | работа | объявления (@vkyrse_shakhtinsk)