Продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде тосынсыйға ие болғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Оған құрбысы көлік сыйға тартқан. Продюсер құрбысының жомарттығына риза болып, алғыс білдірді.
«Алла адамға айтпай сынақ ғана бермейді, айтпай сыйлық та береді. Ниетің қандай түзу болса, жолыңа да тілектес, ниеттес адамдар жолығады. Екі аяғыма шүкір деп жаяу жүргенімде Айгүл төрт аяқты тұлпар сыйлап, таңғалдырды. Көркің де, көлігің де, өмірің де тозбасын деп тілек білдірген досыма үлкен рақмет! Қазақ бай болсын, бір-біріне сай болсын! Дөңгеленген дүниеде көліктеріңнің дөңгелегі айнала берсін, құрбым!» - деді продюсер.
Досынан мұндай сый күтпеген ол қуаныштан көз жасына ерік берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.