Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл болады.
Тұман, көктайғақ болады: 25 наурызға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
86
оқылды

Қазгидромет 25 наурызда еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында тұман болады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай ойнайды. Облыстың батысында тұман түседі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.