Режиссер Қанат Майлыбаев 23 және 24 наурыз күндері досына қонаққа барғып, теңіз жағасында серуендеп жүргенде осы жағдайға куә болған.
Каспий жағалауы өлі аққуға толған
www.istockphoto.com
225
оқылды

Каспий жағалауынан көп өлі аққу табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оның сөзінше, жағалау өлі құстарға толған.

Майлыбаевтың айтуынша, құстардың өлексесі табылған жерге адамдар сирек баратын көрінеді.  Ал Lada.kz. маңайда тұрғын үйлер жоқ, ал су деңгейі едәуір төмендеп кеткендіктен, жағалауға жету қиындағанын жазған.

"Бәлкім, ол жерге ешкім бармайтын шығар – жақын маңда үйлер жоқ. Бірде-бір адамды кездестірмедім. Оның үстіне, су қатты тартылып кеткен, мүмкін, сондықтан адамдар ол жаққа бармайтын болар", – деді Қанат Майлыбаев.

Режиссер бұл жағдайды жария етуді көздеп, олардың қырылу мәселесіне Қазақстанда ғана емес, Каспий маңы елдерінде де назар аударту үшін деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.