Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа әуе рейсі іске қосылады
aikyn.kz
108
оқылды

Uzbekistan Airways әуе компаниясы биылғы жылдың 29 наурызынан бастап Ташкент — Атырау бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Әуе компаниясы рейстерді аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) «Airbus A320» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындауды жоспарлап отыр.

— Жаңа әуе қатынасын ашуға 2025 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы авиациялық билік органдары арасында өткен келіссөздер алғышарт болды. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, — делінген ақпаратта.

Әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.