Ұлын үйлендіріп жатқан әншінің әлеуметтік желіде келінін өзі ұзатып жатқан видеосы жарияланды.
Жазира Байырбекова келінін неге өзі ұзатқанын айтты (видео)
118
оқылды

Әнші Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, сынға қалған болатын, – деп жазды Aikyn.kz.

Ұлын үйлендіріп жатқан әншінің әлеуметтік желіде келінін өзі ұзатып жатқан видеосы жарияланды. Көпшілік бұл көріністі құптамай, ерсі екенін айтып, сынға алған болатын.

Ал әншінің өзі құдағиының өтінішімен келінін ұзатқанын айтты. Сонымен қатар отбасына тілектес болып жатқан жандарға алғыс білдірді.

«Аллаға шүкір, бүгін келінімізді аман-есен үйімізге түсірдік. Құдағиым Лиза "Келінді өз әніңізбен алып кетсеңіз" деген өтініш айтты, соны орындадым. Жылы тілектеріңізге рақмет, – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.