Премьер-министр Олжас Бектенов ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен болып қалатынын атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кооперациялық жобаларды қолдау тетіктері инновациялық бастамаларға және қосылған құны жоғары өндірістерді құруға бағдарлануы тиіс. Осыған байланысты демонстрациялық орталықтар, стартаптар және салалық құзыреттілік орталықтары арқылы цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні пайдалануды ынталандыру маңызды.
«Тауарлар, қызметтер, капитал және еңбек күшінің еркін қозғалысы ЕАЭО жұмысының басты қағидаты болып қалуы тиіс. Қолданыстағы шектеулерді біртіндеп жою қажет, өйткені олар сенімділікті және интеграциялық тиімділікті төмендетеді, сонымен қатар жаңа шектеулердің пайда болуына жол бермеу керек.
Комиссия міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуде белсенді рөл атқарып, мүше мемлекеттердің бизнесі мен азаматтарының мүддесін қорғауда туындайтын мәселелерге жедел әрекет етуі тиіс. Жалпы алғанда, сауда саласында бәсекелестік ортаның қалыптасқаны маңызды екенін атап өткім келеді. Ол кез келген интеграциялық бірлестіктердің дәнекер буыны болып қала береді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
ЕАЭО аясындағы сыртқы сауда саясаты мүше мемлекеттердің тауарларын экспорттау үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Араб әлемі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдері, сондай-ақ беделді өңірлік бірлестіктермен өзара іс-қимыл перспективалы бағыттар деп аталды.
«Мұндай ынтымақтастық ЕАЭО тауарлары мен қызметтерінің сыртқы нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдай жасайды, экономиканы нығайтуға және халықаралық өндірістік тізбектерді дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.