Әлем кубогы 29 наурызда мәресіне жетеді.
Қазақстандық спортшы көркем жүзуден Париждегі әлем кубогының жүлдегері атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
89
оқылды

Франция астанасы Парижде көркем жүзуден осы маусымдағы әлем кубогының 2-кезеңі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәліметінше, алғашқы жарыс күні Ұлттық құрама қоржыны Виктор Друзин жекелей сындағы техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алды. 

Жүлдегерлер: 

1. Муйе Гуо (Қытай) 245.4900 ұпай 

2. Рандзю Томблин (Ұлыбритания) 238.9359 ұпай

3. Виктор Друзин (Қазақстан) 226.6050 ұпай 

4. Эдуард Ким (Қазақстан) 225.3225 ұпай.

Айта кетейік, Парижде Қазақстан командасы сапында барлығы 16 отандасымыз жүлдеге таласады. Бұл жолы жарысқа 27 мемлекеттен 190-ға тарта спортшы қатысып жатыр.

Әлем кубогы 29 наурызда мәресіне жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.