Әлемдік додада Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.
Виктор Друзин әртістік жүзуден әлем кубогында қола жүлдегер атанды
78
оқылды

Қазіргі таңда Парижде (Франция) әртістік жүзуден әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлемдік додада Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.

Техникалық бағдарламада Виктор Друзин 226.6050 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

Бірінші орынды 245.4900 ұпаймен Қытай өкілі Го Муе иеленді. Ал Ұлыбритания спортшысы Ранджуо Томблин 238.9359 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Эдуард Ким 225.3225 ұпаймен төртінші орын алды.