Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Жаңбыр, бұршақ жауады: 1 сәуірге ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
104
оқылды

Қазгидромет 1 сәуірдегі ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Оралда күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-18 м/с. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 01 сәуірде күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанайда түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавлда тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында 15-18 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Таразда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Павлодарда түнде және таңертен тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда найзағай ойнайды.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ақтауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, тұман болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.