Әуе паркінің артуы тасымалдаушының маршруттық желісін дамыту және қолданыстағы ұшу бағдарламаларын күшейтумен тікелей байланысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған ұшақтар АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы Boeing зауытынан тікелей жеткізілді. Сонымен қатар бұл – әуе компанияның паркіне бір мезетте екі борттың бірден қабылдануы алғашқы рет.
2026 жылы әуе компаниясы Шымкенттен Қарағанды, Қостанай, Бішкек, Новосибирск, Санкт-Петербург және Тюмень қалаларына жаңа рейстер ашты, сондай-ақ Астанадан Моңғолия астанасы – Ұлан-Батор қаласына тікелей рейстерді іске қосты. Жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшақтары осы бағыттарда пайдаланылып, рейстерді жоспарлауда қосымша икемділікті қамтамасыз етеді және тасымал географиясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.
Әуекемелері сондай-ақ бүгінде Қазақстанның маршруттық желісінің негізгі өсу нүктелерінің біріне айналып келе жатқан Шымкент әуежайы базасындағы хабты дамытуға тартылатын болады. Шымкентті ірі авиациялық торап ретінде нығайту және ұшу бағыттарын кеңейту жолаушылар үшін ел ішінде де, одан тыс жерлерде де жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің тұрақты бақылауымен әуекемелері паркін кеңейту жұмыстары жалғасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
