Атырау облысының тұрғындары алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен QazaqGaz Aimaq АҚ-на тиесілі жерасты газ құбырларын ұрлаған.
Ұрылардан 3,4 миллион теңге материалдық шығын өндірілді
Фото: iStock
116
оқылды

Мемлекеттік компанияға келтірілген шығын көлемі 3,4 млн теңгеден астам соманы құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші сатыдағы сот үкімімен кінәлілер әртүрлі мерзімдерге, оның ішінде шартты түрде және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған.

Жәбірленушінің азаматтық талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Апелляциялық саты сотымен үкім өзгертіліп, ұрланған мүліктің АҚ-ға тиесілігі туралы бөлігі алып тасталған. Азаматтық талап-арызды қараусыз қалдырып, мемлекеттік компанияның залалды өтету құқығынан іс жүзінде айырған.

Прокуратураның кассациялық тәртіппен енгізген наразылығы бойынша сот актілерінің бұл бөлігінің күші жойылды.

Кассациялық сот азаматтық талап-арызды тек мүлік иесі ғана емес, сонымен қатар мүлікті заңды негізде иеленіп отырған АҚ бере алатынын көрсетті.

Сотталғандардан  QazaqGaz Aimaq  АҚ-ның пайдасына ортақтасқан тәртіппен 3,4 млн теңге материалдық шығын өндірілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.