Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылғы IV тоқсандағы жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша 339 912 теңгені құрады.
Былтыр елімізде жалақы қанша пайызға өсті?
Фото: gov.kz
90
оқылды

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы орташа айлық атаулы жалақы мәні 473 158 теңге болды. 2024 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғандағы атаулы жалақы индексі 108,8% болса, нақты мәндегі индекс 96,8%, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

IV тоқсандағы жалақының орташа мәнінің өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюына байланысты болып отыр.

2024 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығы – 25,9%, жылжымайтын мүлік операциялары – 14,5%, көлік және қойма – 11,9%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 10,8%, ақпарат және байланыс – 10,7%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу  10,3% салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақы – 5,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде  5,6% өсті.

Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың IV тоқсанында айлық орташа атаулы жалақының ең көп өсуі Ақмола облысында –17,4%, Солтүстік Қазақстан облысында – 13,1%, Абай облысында – 11,7%, Алматы қаласында – 11,5% және Жетісу облысында  11,2% байқалды.

 

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.