Аталған жарыста қазақстандық спортшы Ақмарал Ерекешева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды
225
оқылды

Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан халықаралық Гран-при турнирі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған жарыста қазақстандық спортшы Ақмарал Ерекешева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Отандасымыз жекелей көпсайыста 106,900 ұпай жинап, қола медаль иеленді.

Алтын медальді Беларусь өкілі Алина Горносько (112,200 ұпай) жеңіп алса, ресейлік Мария Борисова (110,350 ұпай) екінші орынға тұрақтады.