Шығыс Қазақстан облысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындардың полиция қызметіне оқиғалар туралы мобильді сервистер арқылы хабарлауына мүмкіндік беретін жүйе енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Тұрғындар арасында ең танымал құрал eGov Mobile болды, ол арқылы 205 өтініш берілген. Сондай-ақ 112 өтініш Kaspi.kz арқылы, ал 59-ы «Police-102» арқылы келіп түсті. Келіп түскен ақпараттарды талдау ШҚО тұрғындарының жоғары азаматтық жауапкершілігін көрсетеді. Барлық хабарламаның жартысынан астамы, яғни 211-і жол жүрісі қағидаларын бұзу деректеріне қатысты. Осындай қырағылықтың арқасында полиция жолдардағы қауіпті жағдайлардың алдын алуда. Сонымен қатар цифрлық арналар тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері мен кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған оқиғаларда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Аталған деректер бойынша заңды процестік шешімдер қабылданды, – деді ШҚО Полиция департаментінің өкілдері.
Заманауи технологияларды қолдану полицияның алдын алу шараларын күшейтіп, ауыр салдарды болдырмауға септігін тигізеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
