Сапар шеңберінде ол агроөнеркәсіп кешені нысандарының құрылысымен танысып, өңір шаруаларымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесуде ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы мен аграршылардың түйткілді мәселелері қаралды. Облыс құрылғалы бері, инвесторлардың қатысуымен құны 3 млрд теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылды. Times Agro Holding қатысуымен агроөнеркәсіп кластерін құруды және Samga Agro-мен бірлесіп, Жезқазғанда 500 мал басына арналған тауарлы сүт фермасын салуды қосқанда, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Кездесуді қорытындылай келе, вице-премьер Ұлытау облысы жаңа өңір ретінде алда бірқатар жүйелі міндеттер тұрғанын атап өтті. Үкімет өңірдегі бизнесті және ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
