Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Нөсер жаңбыр жауады: 11 сәуірге ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
126
оқылды

Қазгидромет 11 сәуірде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Абай облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, шығысында нөсер жаңбыр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде жаңбыр, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, орталығында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, орталығында, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда жаңбыр, найзағай жарқылдайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Қостанайда тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда солүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. 11 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде сақталады, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.