Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Ал Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
