Әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Air Astana АҚ және FlyArystan АҚ тарапынан авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәліметтер ұсыну фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аталған авиакомпанияларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылып, олардың әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
