Қазгидромет 17 сәуірде ауа райы күрт құбылатынын ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Түркістан облысының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр мен тұман түседі. Өңірдің бірнеше бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Осындай құбылыс Шымкент пен Түркістан қалаларында да байқалады.
Жетісу облысында да ауа райы құбылмалы: жаңбыр мен найзағай, таулы аумақтарда жауын-шашын, бұршақ және дауыл болады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Алматы облысында, соның ішінде Іле Алатауы маңында, жауын-шашын жаңбыр мен қар жауады. Күндіз бұршақ аралас дауыл соғып, желдің екпіні 17-22 м/с, кей уақытта 28 м/с-қа дейін жетеді. Алматы мен Қонаев қалаларында да найзағай жарқылдайды, жаңбыр жауады.
Ұлытау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жауын-шашын жауып, жолдарда көктайғақ болады. Кей жерлерде нөсер жауын мен тұман болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс өңірлерде негізінен тұман түседі. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Орал, Ақтау қалаларында түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Қызылорда облысында жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін. Өңірдің бірқатар бөлігінде жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік өңірлерде жел күшейеді. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман мен екпінді жел болады. Павлодар облысында да желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ, дауыл болжанып отыр. Таулы аймақтарда түнде қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
