2026 жылдың қорытындысы бойынша, газдандыру деңгейі 64,3%-ға жеткізу жоспарлануда, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (62,4%) жоғары, – деп хабарлайды Аikyn.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асуда. Нәтижесінде, 10 елді мекенде 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.
Жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарын, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстарын қамтып отыр.
Сонымен қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Биылғы жылдың соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізу қуатымен газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
