Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтарға алданған жағдайда қандай әрекет жасау керегін мәлімдеді.
Егер атыңызға алаяқтық несие рәсімделсе не істеу керек?
Фото: gov.kz
148
оқылды

Алаяқтық құрбаны болмас үшін дереу банкке хабарласу хабарласу қажет,  – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Кредиторға хабарласыңыз немесе жазыңыз және мыналар жөнінде:

  • картаны, шотты және қосымшаға қолжетімділікті бұғаттауды;
  • сіздің жолданымыңыздың күні мен уақытын көрсетіп, тіркеуді талап етіңіз.

Жазбаша жолданым бойынша  оны тіркеу туралы растауды сұратыңыз.

Бұл кредитормен және мемлекеттік органдармен одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін қажет.

Барлық дәлелдемені сақтап, ақпаратты дереу тіркеңіз,  бұл полицияға жүгіну және сіздің құқықтарыңызды қорғау үшін қажет. Мыналарды:

– сөйлесулер мен дауыстық хабарламалардың жазбаларын (бар болса);

- СМС және растау кодтарын;

- қоңыраулар мен хат алмасулар (мессенджерлерді қоса алғанда);

- кредиторды хабардар етуді;

- шоттар бойынша үзінді-көшірмелер мен алушылардың деректемелерін сақтап қойыңыз.

Деректерді өзгертпей скриншоттар мен көшірмелерді пайдаланыңыз.

Полицияға жүгініңіз.

eGov, e-Otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық органға жеке өтініш беріңіз. Өтініш міндетті тіркелуге тиіс, содан кейін сотқа дейінгі тергеу басталады. Өтініште мыналар көрсетіледі:

  • кредиттің күні мен сомасы, кредитордың атауы;
  • ресімдеу мән-жайлары;
  • алаяқтыққа қатысы бар адамдардың белгілі байланыстары;
  • қолда бар материалдар (скриншоттар, үзінді-көшірмелер, хат жазысулар және т.б.).

СДТБТ-да тіркелген сәттен бастап ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалады.

Полицияға жүгіну не береді?

Негізгі кезең – жәбірленуші деп тану туралы қаулыны не полицияның ұсынысын алу. Полиция кредитті ресімдеу мән-жайларын белгілейді, дербес деректерді пайдалану фактілерін тексереді және қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдайды.

Алынған қаулымен кредиторға хабарласу қажет.

Маңызды: құжатта кредит сомасы, рәсімделген күні және кредитордың атауы көрсетілуі керек.

Көрсетілген құжаттың негізінде кредитор күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей берешекті өндіріп алуды және кредит бойынша талап-арыз жұмысын тоқтатады.

Қажет болған жағдайда кредитор мән-жайларды тексеру үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.

Егер кредит коллекторларға берілсе,  оларға қылмыстық іс пен іс жүргізу құжатының бар екендігі туралы хабарлаңыз.

Кредитордың немесе коллектордың әрекетсіздігі жағдайында тексеру жүргізу және қадағалап ден қою шараларын қабылдау үшін е-Otinish арқылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) хабарласыңыз.

Полиция қызметкерлерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда сіз аумақтық органның басшылығына жүгінуге, e-Otinish порталы арқылы шағым беруге не прокуратура органдарына жүгінуге құқылысыз.

АЛАЯҚТЫҚ КРЕДИТТІ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУҒА БОЛА МА?

Түсіну маңызды: алаяқтық фактісі қарызды автоматты түрде есептен шығаруды білдірмейді.

Есептен шығару, егер бір уақытта:

- алаяқтық фактісі;

- кредит беру кезінде кредитор тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда ғана мүмкін болады.

Жағдайға байланысты соттан тыс есептен шығару (көрінеу бұзушылықтар кезінде) немесе сот тәртібі  қолданылады. 

БОРЫШТЫ СОТТАН ТЫС ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ

БОРЫШТЫ СОТ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ

Егер алаяқтық фактісін бір мезгілде полиция растаса және кредит беру кезінде кредитордың тарапынан бұзушылықтарға жол берілсе қолданылады.

Егер алаяқтық фактісін полиция растаса, бірақ кредитор тарапынан бұзушылықтардың болғанын сот тәртібімен белгілеу талап етілсе қолданылады. 

Ондай бұзушылықтарға мыналар жатады:

– онлайн-кредит алу кезінде міндетті биометрияның болмауы; 

– клиент eGov арқылы кредиттерді алуға тыйым салуды белгілеген жағдайда кредит беру;

– жас ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды сақтамау (расталған келісімсіз 21 жасқа дейін және 55 жастан астам); 

– бірінші кепілсіз тұтынушылық кредитті онлайн биометриясыз немесе жеке қатысуынсыз ресімдеу (белгіленген шектерден асқан жағдайда);

– «шешім қабылдау кезеңін» бұзу: 150-ден 255 АЕК-ке дейінгі банктік қарыздар үшін 8 сағатқа дейін және банктік қарыздар бойынша 255 АЕК-тен және микрокредиттер бойынша 75 АЕК-тен астам сомалар үшін 24 сағатқа дейін және қарыз алушының растауынсыз. 

Ерекше жағдайлар:

- тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді тікелей сатушыға жасау; 

- берешекті сол банкте немесе МҚҰ-да өтеу;

- 150 АЕК-ке дейінгі лимиттер шегінде карта бойынша операциялар жасау; 

- салықтарды, айыппұлдарды және атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті төлеу.

Сот полиция жинаған дәлелдер базасының негізінде кредиттің алаяқтық жолмен ресімделу фактісін белгілейді және алаяқтардың әрекеттеріне банктердің немесе МҚҰ-ның бұзушылықтары себеп болғанын-болмағанын анықтайды. 

Мұндай бұзушылықтарға мыналар жатады:

– үшінші тұлғалардың клиенттің дербес деректерін пайдалануы (оның ішінде қашықтан қол жеткізуді пайдалана отырып); 

– биометрия рәсімін бұзу;

– алаяқтық операцияларды анықтау және олардың алдын алу жөніндегі талаптарды сақтамау;

Бұл жағдайда сот істің мән-жайын белгілейді және кредитті есептен шығару туралы шешім қабылдайды. 

Кредитор:

- борышты есептен шығаруға;

- ұстап қалған сомаларды қайтаруға;

- кредиттік тарихқа өзгерістер енгізуге міндетті.

Сот шешімі күшіне енгеннен кейін кредитор:

- борышты есептен шығаруға;

- ұстап қалған сомаларды қайтаруға;

- кредиттік тарихқа өзгерістер енгізуге міндетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.