Түркістан облысының Отырар ауданында Еңбек Ері, ақын, халық жазушысы Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды, – деп жазды Aikyn.kz.
Қаралы жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және ақынның оқырманы, қалың жұртшылық жиналды.
Жиынға Мәжілісі депутаты Ринат Зайытов қатысып, сөз сөйледі.
«Шыншыл ақын бола білу – азаптың ең азабы. Сол азапқа төзе білу - ғажаптың ең ғажабы. Азапқа төзе білген, қазақтың жанын сезе білген. Қызыл империяның дауылынан шайқалмаған, ешкімнен ешқашан да тайсалмаған Мұхаңның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын…», - деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
