«Жүріп үйреніп жүрмін»: Тамара Асар денсаулығы туралы айтты
«Аяғымды қайта басып, жүріп үйреніп жүрмін»: Тамара Асар денсаулығы туралы айтты
Фото: әлеуметтік желі
202
оқылды

Әнші Тамара Асар шетелде ем алып, елге оралғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі өзіне қолдау білдірген көрерменге алғыс білдірді. Айтуынша, денсаулығы қалпына келіп, жақсарып жатыр.

Әнші бірнеше қалада концерт өткізетінін хабарлады.

«Маған жолдап жазған ақ тілектеріңіз үшін көп-көп рақмет. Әрқайсыңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Шүкір Аллаға, аман-есен шетелден елге оралдық. Аяғымды қайта басып, жүріп үйреніп жүрмін лайым да жақсылықтан дәмелімін», – деп жазды әнші. Мені қатты сағынған көпшіліктің сұрауымен, алғашқы концерттерімді Алла қаласа, Ақтау-Жаңаөзен- Шетпеден бастауға ұсыныс алдым. Мен де сіздерді қатты сағындым… «Бөрі арығын білдірмес сыртқа қарнын қампайтар өмір» жасай берсін!» – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.