Қазгидромет 28–30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта қар аралас жаңбыр жауады.
Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі. Сонымен қатар солтүстік және орталық өңірлерде ашық әрі құрғақ ауа райы сақталады.
Оңтүстік өңірлерде 28–29 сәуір аралығында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ал шығыс аймақтарда 29–30 сәуір күндері жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Температуралық көрсеткіштерге келсек, батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 28–29 сәуір түнгі уақытта ауа температурасы -3°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
Күндізгі уақытта ауа температурасы көтеріледі:
• батыста +15…+20°C
• солтүстік-батыста +17…+25°C
• солтүстікте +21…+26°C
• орталықта +21…+30°C
• шығыста +19…+27°C
• оңтүстікте +25…+34°C
• оңтүстік-шығыста +22…+27°C
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
