Желі қолданушылары әншіге жақсы демалыс тілеп, қолдау білдірді.
«Шетелде тегін демаламыз»: Ерке Есмахан оқырмандарын қызықтырып қойды
127
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жолдасымен бірге Стамбұлға демалысқа бара жатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі өздерін Стамбұлдағы қонақүйлердің бірі арнайы қонақ ретінде шақырғанын жеткізді.

«Стамбулдағы керемет бір отель күйеуім екеуімізді қонаққа шақырды. Тегін 10 күн сол жерде жатамыз. Бизнес класқа билетті Раймның туған күніне сыйға тартып, ол да тегін бұйырды. Барған соң дым шоппинг жасамаймыз, Босфордың жағасында жаяу жүріп қаланы қыдырамыз, егер тамақ жағынан қысылып, қарнымыз ашып жатса, Айнұр Тұрсынбаеваның үйіне барып бешбармағын жейміз деген өте қатты қаржылай сауатты әрі тегін демалысқа кетіп бара жатқан жайымыз бар ал. Осы ойымнан таймай, жақсы демалып қайтыңдар деп тілеп қойыңыздар », – деп жазды әнші.

Өнер иесі оқырмандарына да осындай демалыс тіледі.

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, ақ тілегін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.