Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті.
Депутаттар 30 сәуір күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті
102
оқылды

Атап айтқанда, бюро мүшелері палатаның алдағы отырысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарау жөнінде қаулы қа­былдады.

Заң мемлекеттік қызметті сервистік және клиентке бағдарланған қағидаттарға негізделген модельге көшіруді көздейді. Сонымен бірге мемлекет алдында тұрған міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз етуге, қоғамның қа­жеттіліктері мен сұраныстарына жауап беруге және аралас мемлекеттік қызмет моделін қолдану ар­қылы мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін арттыруға арналған нормалар бар. Заңда HR-процестерді цифрландыру мәселесіне де баса мән берілген. Заңның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды және мемлекет функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу.

Сондай-ақ бюро отырысында депутаттар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заңдарды жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөліп берді.