menu
Бұл ереже есептілік 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін тапсырылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдеріне қатысты болған жағдайда қолданылады.
«Таза парақ» тетігі: бизнесті жабудың жаңа жеңілдетілген тәртібі енгізілді
Фото: gov.kz
131
оқылды

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, Қазақстанда микро және шағын бизнес субъектілері үшін қызметін тоқтату тәртібі жеңілдетілген. «Таза парақ» тетігі шеңберінде белгілі бір шарттар сақталған жағдайда бизнесті камералдық бақылаусыз жабуға мүмкіндік беріледі, – деп хабарлайды Аikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап

Аталған тәртіп мына талаптар бойынша жүргізіледі:
• ҚҚС бойынша тіркеу есебінде болмау;
• салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
• жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркелмеген.

Көрсетілген шарттар сақталған жағдайда қызметін тоқтату кезінде камералдық бақылау жүргізілмейді. Бұл ереже есептілік 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін тапсырылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдеріне қатысты болған жағдайда қолданылады.

Рәсімді аяқтау үшін салық органына мына құжаттарды ұсыну қажет:
• қызметті тоқтату туралы өтініш;
• таратуға байланысты салық есептілігі;
• бақылау-кассалық машинаны (БКМ) есептен шығару туралы өтініш.

Ведомствода жеңілдетілген тәртіп тек белгіленген талаптар толық сақталған жағдайда ғана қолданылатыны атап өтілді.

Шарттар сақталмаған жағдайда қызметті тоқтату камералдық бақылау жүргізу арқылы жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.