Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.
Қазақстанда дәрігер қабылдауына кезекті қысқарту үшін жасанды интеллектіні қолдану ұсынылуда
Фото: primeminister.kz
109
оқылды

Үкімет отырысында медициналық құжаттарды толтыру процесін автоматтандыруға бағытталған  Ascle  стартап жобасы таныстырылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

«Біз дəрігерлерге арналған ЖИ жүйесін құрудамыз, ол: дəрігердің пациентпен диалогын тіркейді, сөйлеуді таниды жəне тіркейді, оны құрылымдалған медициналық деректерге айналдырады; алынған деректерді алғашқы қабылдау картасына жəне медициналық картаның негізгі бөлімдеріне автоматты түрде толтырады. Содан кейін алынған ақпарат контекстіне сəйкес оңтайлы емдеу мен тағайындауды ұсына отырып, алдын ала диагноз қояды»,  деді стартап жетекшісі Сұлтан Жұмабаев.

Оның айтуынша, жүйе медициналық құжаттаманы жүргізуге кететін уақытты 50%-ға қысқартады, дəрігерге науқаспен тікелей байланысқа басым уақыт бөлуге көмектеседі, клиникаға пациенттерді көбірек қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі стартап 38 клиникада жəне еліміздің төрт өңірінде сынақтан өткізілген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.