Іс-шара офицерлік құрамның кәсіби дағдыларын жетілдіруге және халықпен тиімді өзара іс-қимыл орнатуға бағытталды.
Ұлттық ұлан офицерлері алғаш рет қызметтік қарым-қатынас мәдениеті бойынша курстан өтті
Фото: gov.kz
110
оқылды

Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының базасында қызметтік әдеп пен коммуникация тақырыбында алғаш рет біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Оқу процесі бір аптаға созылды. 

Курсқа Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарынан келген офицерлер қатысты. Бағдарламада қызметтік әдеп, заманауи коммуникация мәдениеті, қоғамдық тәртіпті сақтау кезіндегі мінез-құлық стандарттары, сондай-ақ құқықтық негіздер қамтылды. Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидатына ерекше мән берілді.

Оқу бағдарламасы аясында дәрістер, тәжірибелік сабақтар және пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылды.

Курсқа арнайы 12 спикер тартылып, 20-дан астам әскери қызметші білім алды. Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушыларға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов пен ҚР ІІМ Академиясының бастығы, полиция полковнигі Жанат Дильбарханова сертификаттар табыс етті.

Аталған курс әскери қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және қоғаммен өзара іс-қимыл сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табуы мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.