Спорттық құзға өрмелеуші Ришат Хайбуллин Қазақстан қоржынына 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының алтыншы медалін салды. Қытайдың Санья қаласында өткен жарыста спортшы үшінші орынға ие болыр, Қазақстан рекордын жаңартты. Отандасымыз Olympic.kz сайтына берген сұхбатында өз өнеріне баға беріп, жекелей сынды қорытындылады, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Еске сала кетейік, қола медаль үшін өткен жарыста Хайбуллин 4.81 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, қытайлық Шоухун Чуды басып озды.
"Шынымды айтсам, нәтижеме өте ризамын. Себебі маусым мен үшін сәтті басталған жоқ, бабымда болмадым. Дегенмен Азия ойындарына дейін өзімді қалыпқа келтіріп, қажетті деңгейге жете алдым. Қазіргі дайындығымды ескерсек, өте жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Қазақстан рекордын және жеке рекордымды жаңарттым, сонымен қатар қола жүлдеге ие болдым. Бүгінгі сайыстарда бар күшімді салып, жарыстардың көбін жоғары деңгейде өткізгеніме қуаныштымын. Финалға шығуға мүмкіндік болды. Бірақ біздің спорт түрі тосынсыйға толы. Бүгін жартылай финалда қолым сырғып кетті. Соған қарамастан, бұл нәтижені жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Мен үшін қарсыласымның кім екені аса маңызды емес. Себебі ең алдымен өз нәтижемді жақсартуға тырысамын. Енді жақсылап демалып, күш жинау керек. Ертең эстафета жарысы өтеді, күресті жалғастырамын", - деді Хайбуллин.
Айта кетейік, ерлер мен әйелдер арасындағы эстафета бәсекелері ертең, 29 сәуірде өтеді. Іріктеу кезеңі Астана уақытымен 05:30-да басталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
