Тұрғындар тойды онлайн өткізіп бастады
Тұрғындар тойды онлайн өткізіп бастады
© Сурет интернеттен алынды
360
оқылды
Азамат пен Әсел үйлену тойын Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамына орай жоспарлаған. Құдалық пен ұзату, неке қию Арыс қаласында 22 наурызда өтуі тиіс еді. Бірақ елдегі төтенше жағдайға байланысты бәрі тоқтатылды. "Шынын айтсақ, 2 күнге дейін не істерімізді білмедік. Екі жас өзіміз барып қайтамыз ба? Әлде қалай деп ойланып жүргенімізде үлкендер жұбайымның ата-аналарына хабарласып, онлайн түрде ақ батасын алды. Біз енді Қазақстанда алғаш онлайн үйленген жұппыз. Қазіргі қауіпсіздік шараларын сақтана отырып, өзіміздің ағайын-туыстың арасында, кішкентай ғана үйде келін түсірдік. Мешіттен имам шақырып, некемізді қидық. Сөйтіп, шағын тойымыз өтті", – деді Азамат Асқарұлы. [embed]https://youtu.be/RDnexh58VEw[/embed] Әселдің айтуынша, қыз ұзату болмайды, тек құдаласу өтті. "Осы дерттен аман шықсақ, екі жақтың танысуы болады. Оның бәрі алда. Жұбайымның ата-анасы, әпкелеріміз телефон арқылы хабарласып, сырға салудың барлығын үстел барысында барлығын көрсетті", – деді Әсел Әбдімәлікқызы. Ал ұл жақтан Арысқа 20 шақты адам бармақ болған, алайда қазір олар барып-қайтар билеттерін өткізіп жатыр.