Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
Елордада демалыс күндері мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: gov.kz
87
оқылды

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1, 2 және 3 мамыр күндері елордада мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен т.б. тауарларды сатып ала алады.

Іс-шара 1, 2 және 3 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.

Жәрмеңкеге келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.