Әнші Мадина Сәдуақасова журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында отбасындағы ұстанымдары туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, күйеуі талапшыл, ойын ашық айтады. Үйленген кезден бастап күйеуі әншіге біршама талап қойған. Мадина Сәдуақасова сол талаптарға келіскенін атап өтті. Сонымен қатар өнер иесі бала тәрбиесінде екеуінің ойы бір жерден шықпайтынын жасырмады.
«Күйеуім Олжас негізінен шарт қойғыш. Отбасы болған кезде «Біздің үйде сенің бұрынғы өмірің туралы айтылмауы керек. Жалпы, ол туралы айтып не істейсің? Алда талай қызық күндер күтіп тұр. Сондықтан қазіргі өмірің туралы айта берсең болады» деді. Одан кейін біздің үйде өсек айтылмауы керек екенін түсіндірді. Негізі, Олжас екеуіміздің табиғатымыз мүлде басқаша, екі түрлі адамбыз. Бірақ біз қосылдық, жұппыз, баламыз өсіп келе жатыр. Көп нәрседе келіспей қаламыз. Мысалы, мен бала тәрбиесіне қаталдау қараймын. Балам құлап қалса, «Өзің тұр» деймін. Бірдеңені жасап берші десе, «Өзің жаса» деймін. Ал Олжас көп еркелетеді, «Ол кішкентай, орнынан тұрғыз» деп айтады», - дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
