Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан сәттен видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші өзіне қызмет көрсететін күзетшісі мен жеке жүргізушісіне арнайы баспана орнатып жатқанын айтты. Айтуынша, тұрғын үй арнайы тапсырыспен жасалған.
«Жүргізуші мен күзетшінің арнайы жасалған үйі дайын болды. Ішінде барлық жағдай бар: дәретхана, душ, тіпті кондиционерге дейін. Таңғы сағат бесте арнайы техникамен жеткізіліп, үйдің алдына орнатылып жатыр. Үйлер толық жылытылған, қыста жылы, жазда салқын болады. Барлығы заманауи талаптарға сай жасалған. Кранмен қойып жатыр», – деді әнші.
Мақпал Жүнісова өзіне адал қызмет етіп жүрген жандарға алғыс ретінде осындай әрекет жасап жатқанын жеткізді.
Желі қолданушылары әншінің мейірімділігіне сүйсініп, қолдау білдіріп жатыр.
араптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
