Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтпек.
Абай алаңындағы мереке
115
оқылды

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, мере­ке­нің басты оқиғасы – 1 мамыр күні күндіз Абай алаңында өте­тін «Бірлігі жарасқан Алматы» достық фестивалі. Фести­валь­де танымал эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжым­дар өнер көрсетеді. Кешкі уақытта дәл осы алаңда Dostyk Fest концерті ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама жалға­сады.

«Абай алаңында гастрономиялық жәрмеңке өтсе, 2 мамыр күні «Отбасы Fest» отбасылық фестивалі ұйымдастырылады. Оның аясында жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі мен кон­церт­тік бағдарлама қарастырылған. Мереке күндері қаладағы му­зейлер, кітапханалар, театрлар мен жастар орталықтарында да түрлі көрмелер, концерттер, әдеби-сазды кештер мен танымдық шара­лар өтеді. Бұдан бөлек, Алматының барлық ауданында мере­келік концерттер, ұлттық тағамдар жәрмеңкелері, спорт­тық жарыстар мен мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады. Мәселен, Family Park, Тұңғыш Президент саябағы және Сайран кө­лі маңында ауқымды іс-шаралар өтеді», – делінген хабар­ла­мада.

Айгүл СЕЙІЛ