Дегенмен жылдық есепте көрсеткіш 3,8 трлн теңгеге артқан.
Халықтың банктегі ақшасы азайды
69
оқылды

Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың банктердегі депозит көлемі 38,4 млрд теңгеге азайып, 28,058 трлн теңгені құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Дегенмен жылдық есепте көрсеткіш 3,8 трлн теңгеге артқан.

Жинақ депозиттері айтарлықтай қысқарған. Ұлттық валютадағы жинақ көлемі 2,92 трлн теңгеден 2,7 трлн теңгеге дейін төмендесе, шетел валютасындағы депозиттер 28,72 млрд теңгеден 27,18 млрд теңгеге азайған.

Ал мерзімді депозиттер бойынша керісінше өсім байқалады. Теңгедегі салымдар 16,91 трлн теңгеден 17,27 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Шетел валютасындағы мерзімді депозиттер сәл төмендеп, 4,93 трлн теңгеден 4,75 трлн теңгеге дейін қысқарған.

Талап етілгенге дейінгі депозиттер мен ағымдағы шоттарда аралас динамика тіркелді. Теңгедегі қаражат көлемі 2,16 трлн теңгеден 2,18 трлн теңгеге дейін өскен, ал шетел валютасындағы көрсеткіш 1,12 трлн теңгеден 1,1 трлн теңгеге дейін азайған.