Балқаш көліне жақын орналасқан су қорғау аймағында жалпы ауданы 12 гектарды құрайтын 24 жер учаскесінің жер заңнамасы талаптарын бұза отырып, коммерциялық мақсатта пайдаланылған.
Балқаш көлі жағалауында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: gov.kz
94
оқылды

Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Жер ресурстарын басқару комитетінің Жер ресурстарын басқару департаменті Сарқан ауданы әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Тексеру барысында Балқаш көліне жақын орналасқан су қорғау аймағында жалпы ауданы 12 гектарды құрайтын 24 жер учаскесінің жер заңнамасы талаптарын бұза отырып, коммерциялық мақсатта берілгені анықталды.

Осыған байланысты департамент Сарқан аудандық сотына Сарқан ауданы әкімдігінің қаулыларын, сондай-ақ аталған жер учаскелері бойынша сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінді.

Сот департаменттің талап қою арызын толық көлемде қанағаттандырды, нәтижесінде Балқаш көлі жағалауында орналасқан жалпы ауданы 12 гектар болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.