Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Бауы берік болсын!”: "Келінжан" телехикаясы арқылы танылған актриса сәбилі болды (видео)
105
оқылды

"Келінжан" телехикаясы арқылы танылған актриса Нұргүл Мыңғатова екінші сәбиін өмірге әкелді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Аллаға мың шүкір. Қызды болдық. 30.04.26", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары актрисаны қуанышымен құттықтап, ақ тілегін жаудырды. Ал енді бірі оның жүктілігі туралы тіс жармағанына таңданысын жасырмады.

"Бауы берік болсын", "Әсем қыз болып өссін", "Сұлу қыздың бауы берік болсын, кішкентай Балқия", "9 ай бойы қалай үндемей шыдадыңыз?", “Үндемей қалай босанып аласыздар, біз көтере салып, жарияға жар саламыз», – деп жазды желі қолданушылары

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.