Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төра­ғасы Томас Прамо­тед­хам­ды қабылдады.
Smart City тұрмыс сапасын жақсартады
74
оқылды

Президент мейманға ілтипат көрсетіп, Presight AI компаниясымен ынтымақ­тас­тық жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сон­дай-ақ кәсіпорынның еліміздегі жа­сан­ды интеллект саласындағы шешімдерді да­мытуға зор үлес қосып келе жатқанына ри­зашылық білдірді. Мемлекет басшысы нақ­ты бастамаларды іске асыру арқылы се­ріктестікті одан әрі кеңейтуге айтар­лық­тай әлеует бар екеніне тоқталды.

Томас Прамотедхам Қасым-Жомарт Тоқаев­қа компанияның «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасына қатысуға қы­­­­зығушылық танытып отырғанын айт­ты. Бұл – жасанды интеллект, есептеуіш қуат пен цифрлық сервис инфрақұрылы­мын дамытуды көздейтін арнайы экожүйе.

Сонымен қатар Smart City бастамасына ай­рықша назар аударылды. Мемлекет бас­шысы компанияның осыған дейін Аста­нада жүзеге асырған жобасы оң нә­ти­же көрсетіп, халықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигіз­ге­нін жеткізді. Бұл ретте аталған шешімді Алматы қаласына енгізу перспективасы қарас­тырылды.

Кездесу соңында Президент Smart City жо­басын жүзеге асыруға және екіжақты ық­палдастықты дамытуға үлес қосқаны үшін Томас Прамотедхамды ІІ дәрежелі «Дос­тық» орденімен марапаттады.