Жаза ретінде 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл (8 650 000 теңге), түзеу жұмысы немесе қоғамдық жұмысқа тарту қарастырылған.
Депутаттар жануарларға қатігездік көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтпек
www.istockphoto.com
109
оқылды

Депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аңшылық саласы және жануарлар дүниесін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осыған орай, Президент тапсырмасын орындау мақсатымен, жануарларға қатігездік көрсеткені үшін жауапкершілік айтарлықтай қатаңдатылуды ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құжатта жануарларға қасақана ауырсыну тудыру, жарақат салу немесе олардың өліміне әкеп соқтыру үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделген. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін айыппұл көлемі істің ауырлығына байланысты бірнеше есеге артады.

Қайталанған немесе ауыр бұзушылықтар болған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылады. Жаза ретінде 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары немесе қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған. Ауырлатушы жағдайлар болса – үш жылға дейінгі мерзімге бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру, сонымен қатар бес жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазалары қолданылуы мүмкін.

Бұл туралу Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин жануарларға қатыгездікпен қарауға байланысты олардың иесі де жауапқа тартылуы керегін тілге тиек етті.

– Біріншіден, жануарларды күтіп ұстау, оған 406-1 және 407-2 бапқа арнайы өзгерістер енгізіліп, қаралатын айыппұл бірнеше есеөсірілді. Екіншіден, қылмыстық кодексте 316 баптың екі бөлімі бар. Оның бірінде қамауға ұстау жазасы 2 ай болса, оны 6 айға көтеру және екіншісі бұрын жануарларды қатыгездікпен өлтірсе ең үлкен жазасы 2 жылға сотталса, соны 5 жылға дейін оның мүлкін кофескациялау немесе конфескациясыз 5 жылға бас бостандығынан айыруды ұсындық. Үкімет оң қорытындысын берді. екінші оқылымға дейін тағы да пысықтаймыз. Бұл келешек ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Кім жануардларға қатыгездікпен қарайды оған заң аясында қатаң жаза қолданылады, – деді Еділ Жаңбыршин.

Бұдан бөлек, құқықбұзушылық құралдарын тәркілеу және болашақта жануар асырау құқығынан айыру сияқты қосымша шаралар қарастырылған. Сонымен бірге профилактика жұмыстары да күшейтіледі. Атап айтқанда, балаларға тәрбие беру, ағарту жұмыстары және табиғатқа ізгілікпен қарауды қалыптастыру шаралары жүргізіледі.