8 мамыр күні күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады.
Астана, Алматы, Шымкентте алдағы үш күнде ауа райы қандай болатыны жарияланды
Фото: istockphoto.com
109
оқылды

Қазгидромет алдағы демалыс күндері Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болатынын ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларында найзағай ойнап, жаңбыр және бұршақ жауады.

Елордада алдағы үш күнде де жауын-шашын болады. Жексенбі күні ауа температурасының айтарлықтай төмендейтіні болжанып отыр. 

8 мамыр күні күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +23+25°C болады. 9 мамырда ауа райы құбылмалы болады. Күндіз ауа температурасы +21+23°C. Ал 10 мамыр күні күн күрт суытады. Температура күндіз небәрі +10+12°C болады. Желдің жылдамдығы 20 м/с дейін күшейеді.

Алматыда жұма күні аптап ыстық болғанымен, демалыс күндері жауын басталады. 8 мамырда жауын-шашынсыз, өте ыстық ауа райы сақталады. Күндіз термометр бағаны +31+33°C көрсетеді. 9 мамыр күні күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура +28+30°C дейін жетеді. Ал 10 мамырда жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +20+22°C дейін төмендейді.

Шымкентте демалыстың алғашқы күні аптап ыстық болады. Бірақ жексенбіде күн салқындайды. 8 мамыр күні ашық ауа райы сақталады. Күндіз +33+35°C ыстық болады. Ал 9 мамырда күндіз өткінші жаңбыр жауып, желдің екпіні 20 м/с жетеді. Температура +28+30°C болады. 10 мамыр күні жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз күн салқындап, ауа температурасы +20+22°C жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.