Қазгидромет 13 мамырда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде тұман түсіп, үсік жүреді, бұршақ жауады.
Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–18 м/с жетеді.
Ақмола облысында түнде жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 15–20 м/с болады. Көкшетауда да кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні батыста және оңтүстікте 15–20 м/с жетеді. Түнде шығысында 1 градус үсік болады.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік болады. Қарағандыда таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Ұлытау облысы мен Жезқазғанда жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде жауын-шашын болады. Жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Түнде 1–6 градус үсік жүреді.
Абай облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Түнде облыстың шығысы мен оңтүстігінде 3 градус үсік жүреді.
Алматы облысының батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел шығыста 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20, кей жерде 23 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 15–20, кей жерде 23 м/с дейін күшейеді. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте және Түркістанда солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыс және шығыс желі түнде облыс орталығында, күндіз 15–20 м/с дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталып, шығысында төтенше өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл болады. Шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз батыста, оңтүстікте және орталықта 15–18 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с болады. Түнде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында, сондай-ақ күндіз оңтүстік-батысында желдің екпіні 15–20, кей уақытта 23 м/с жетеді. Ақтауда күндіз оңтүстік-шығыс желі 15–18 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с жетеді. Атырауда күндіз шаңды дауыл болып, желдің екпіні 15–18 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні батыста, оңтүстікте және шығыста 15–20 м/с жетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
