Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтті.
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Түркістан декларациясына қол қойды
Фото: akorda.kz
141
оқылды

Саммиттің қорытындысы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Түркістан декларациясына қол қойды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы алқалы жиынға қатысуға келген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.   

Бейресми саммитте Түркі мемлекеттері ұйымының қазіргі төрағасы, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Кеңестің байқаушысы, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Туфан Эрхюрман, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев сөз сөйледі.